Петропавлда автотұрақтағы 5 көлік жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда автотұрақтағы 5 көлік жанып кетті

15.04.2022

Петропавлда қамыстан шыққан өрт айып тұрағына дейін жетіп, онда тұрған 5 автокөлік жанып кетті. Мамандардың айтуынша жалынның тез таралуына қатты жел себеп болған. 3 гектар аумақты шарпыған өртті сөндіруге 43 маман мен 8 арнайы техника жұмылдырылды. Осы аптада Солтүстік Қазақстанда дала өрті жиіледі. Соңғы тәулікте ғана облыс бойынша 52 оқиға тіркелді. Төтенше жағдай қызметінің мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу