Елордалық мүсінші Абайдың гиперреалистік мүсінін жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық мүсінші Абайдың гиперреалистік мүсінін жасады

16.11.2020

Бүгін ақын Абайдың мүсінін айнытпай жасаған мүсіншінің гиперреалистің еңбегі таныстырылды. Балауыз бен силиконнан жасалған Абай бейнесіне автор 4 ай уақытын сарп еткен. Әрі елордалық мүсінші шығармасына қажетті шығынды өз қалтасынан шығарған. Шебер мүсінді Абайдың 175 жылдығына арнады. 

Айта кетейік, автор өз туындысын «Қазақконцерт» ұйымының 60 жылдық мерейтойына тарту етті.

Айдос Есмағамбетов, гиперреалист-мүсінші, «Қазақконцерт» ұйымының суретшісі:
Арманым - Қазақстанда Мадам тюссо секілді мюзей жасау. Ол үшін біраз еңбектенемін. Команда құрастырып, шәкірт баулымақпын.

Мәдина Жолдас

Абай Құнанбайұлы

Хабарламаларға жазылу