Қасықтардан жасалған ерекше туындылар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасықтардан жасалған ерекше туындылар

11.03.2014
Қасықтардан жасалған ерекше туындылар
Кәдімгі қасықтардан мүсін жасауға болады дегенге сенесіз бе? Америкалық мүсінші Гарри Холли ас үйдегі қасық, пышақ, шанышқыдан ғажайып мүсіндер жасаумен айналысады.
 
Огайо штатында суретші және мүсінші ретінде танылған азамат 1994 жылдан бері паркинсон ауруымен ауырады. Сирек кездесетін дертке тап болған мүсіншінің бұл қабілеті көпшілікті таңғалдыруда.
 
Айына бір мүсін жасайтын Гарри ыдыс-аяқ дүкендерімен тығыз байланыста. Орта көлемдегі мүсінге шамамен 100 мың қасық пен шанышқы қажет болады екен.
 
Мүсіншінің  тағы бір ерекшелігі – ол тек жануарлардың мүсінін ғана жасайды.

Хабарламаларға жазылу