Қытай астанасында Абай ескерткіші орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай астанасында Абай ескерткіші орнатылды

19.03.2014
Қытай астанасында Абай ескерткіші орнатылды
Қытай астанасының орталығындағы «Чаоян» саябағында қазақтың  ұлы ойшылы Абайға арналған ескерткіш ашылды. Шара ҚР СІМ басшысы Ерлан Ыдырысовтың Қытайға жасаған сапары барысында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Ерлан Ыдырысов Қазақстан елшілігіне, Қытай астанасында Абайдың ескерткішін орнату туралы идея бастамашысы мен мүсіннің авторы Юань Сикуньға алғысын білдірді.
 
«Дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 22 жыл ішінде Бейжіңде  қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевқа арналған ескерткіштің ашылуы екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға қосқан ерекше үлес», - деп атап өтті ол.
 
Ашылу салтанатына қатысқан мүсінші Юань Сикунь да сөз сөйледі. Ол: «бүгін ресми түрде «Чаоян» саябағында Абайдың мүсінін орнату арқылы біз ұлы ақынды мәңгі есте қалдырдық», деді.
 
Ескерткіштің ашылу салтанатына Қытайда тіркелген дипломатиялық корпустың, қазақ диаспорасының өкілдері, сонымен бірге, қытай суретшілері мен ақындары қатысты.

Хабарламаларға жазылу