Тілеуберді Бинашевтің «Дара жолы». «Махабатты таңдап, жарымның соңынан ердім» (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тілеуберді Бинашевтің «Дара жолы». «Махабатты таңдап, жарымның соңынан ердім» (ВИДЕО)

13.11.2017

Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашев студия қонағы болды. Тасқа тіл бітірген мүсінші өзінің «Дара жолы» туралы сұхбат берді.

«Оқу бітіріп, дипломдық жұмысты қалай қорғаймын деп жүргенімде бір ой келіп, аренадағы клоунның мүсінін жасадым. Сол кезде ұстазым «ұлттық мүсін жасап жүріп, неге осындай дүние жасауға ауыстың?»,- деді. Ал, меніңше, адамдардың барлығы клоун, өйткені, аңқау. Барлық өмір аренада өтеді. Осындай ой мені толғандырды. Сол мүсін жасаудан 5 деген баға алып шықтым. Қазір мүсіннің тек суреті қалды, өзін қорға алып кетті.

Сол кезде Хакімжан Наурызбаев мемлекеттік комиссияның төрағасы болды. Мүсінді ұнатты. Менің Алматыда қалуыма ұсыныс жасады. Жарым Шымкенттікі еді. «Мені сүйсең, менімен кетесің» деді, мен жарымның соңынан кеттім. Хакімжан Наурызбаев маған біраз ренжіді.

Уақыт өтті. Шымкентте жұмыс істеп жүрдім. Кейін Алматыда кездестік. Ол маған тағы да ұсыныс жасады. Бұл жолы келіншегім мені қолдап, Алматыға көшіп келдік. Ол уақытта мүсіншілер комбинатына кіру үшін академия немесе институт бітіру керек еді. Мен болсам училище бітіргенмін. Хакімжан аға бір сөзбен мені сонда орналастырды. Ол жақтан біраз нәрсе үйрендім», - дейді өнер иесі.

Хабарламаларға жазылу