«Таңшолпанда» - суретші, мүсінші Ертіс Тәтиев қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - суретші, мүсінші Ертіс Тәтиев қонақта

04.11.2015
«Таңшолпанда» - суретші, мүсінші Ертіс Тәтиев қонақта

Суретші, мүсінші Ертіс Тәтиев өз күшімен танымал тұлғалардың ескерткіш мүсінін жасап, суретін салумен айналысады. Ақын Төлеужан Ысмайыловтың мемориалдық ескерткішін, Көкбай ақынның портреттік мүсінін, Алаш зиялысы Шаймардан Тоқжіговтің т.б. тұлғалардың мүсіндерін жасаған. Сондай-ақ, Абайдың 170 жылдық мерейтойына орай «Еңлік-Кебек» белгісінің (мазары) қасына «Еңлік-Кебек» мүсінін жасаған.

«Бұл салаға мектеп қабырғасынан қызықтым. Қазақтың кез келген баласы жылқыға әуес келеді ғой. Бала сурет салуды да жылқыны бейнелеуден бастайды. Мен де бала кезімде жылқының суретін көп салатынмын».

«Абайдың 170 жылдық мерейтойына орай Абай ауданында екі ірі өнер туындысы пайда болды. Бірі – Мамай батырдың ескерткіші болса, бірі - «Еңлік-Кебек» образы. Биылғы жазда «Еңлік-Кебек» мүсінін жасаумен айналыстым. Мүсінге табиғатпен байланыс болса екен деген ниетпен елікті қостым. Себебі, бұл екеуі аңдар жүрген жерде кездеседі».

«Шәкәрім атамыздың ескерткішін Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Мұрат Жанболатов деген ағамыз жасаған. Бүгінде марқұм болып кетті. Қарауылдағы Шәкәрім ескерткішін аудан әкімі «Мұрат Жанболатовтың жолымен жаса» деген соң, көшірме түрінде шығардым. Өзіме ұстаз болған Мұрат ағамыздың әруағын сыйлай отырып, әрі қолтаңбасын жаңғыртуды мақсат етіп, Қарауылда жаңадан ескерткіш бой көтерді. Ал, Төлеужан Ысмайылов 40-ақ жыл өмір сүрген адам. Қазақ поэзиясының мықты ақындарының бірі. Мен шамам жеткенше бейнелеудегі образды табуға тырыстым».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу