Нұр-Сұлтандағы 500 адам жиналған түнгі клубқа айыппұл салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтандағы 500 адам жиналған түнгі клубқа айыппұл салынады

02.11.2020

Елордада 2 бірдей Халыққа қызмет көрсету орталығына айыппұл салынды. Кезекті рейд барысында бұл мекемелер карантин талаптарын сақтамаған. Мәселен, Есіл ауданындағы орталыққа келушілердің дене қызуы өлшенбеген, әлеуметтік арақашықтық сақталмаған және бетперде кию тәртібі бұзылған. Енді мекеменің әрқайсысы 305 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. 

Нұрбек Қуанышбеков, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалайтын басқарма басшысының орынбасары: 
Халыққа қызмет көрсету орталықтарын тексердік.

Карантин талабын сақтамаған түнгі клубқа айыппұл салынады. Полиция түнгі клубта 500-ге жуық адамның көңіл көтеріп жүргенін анықтаған. Клиенттер мен қызметкерлер есікті ішінен жауып алған. Заңсыз жұмыс істегенімен қоймай, бетперде тақпаған, арақашықтықты ескермеген. 

Дәл осындай оқиға Қорғалжың тасжолында орналасақан «Зима» клубында да анықталды. 80 адам бас қосқан. Бірнеше заңбұзушылыққа қатысты енді бұл мекемелер қомақты айыппұл төлейді. 

Дарын Сағитов

карантин айыппұл Нұр-Сұлтан

Хабарламаларға жазылу