Таулы Қарабақ: Армения мен Әзірбайжан бір-бірін әлі айыптап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таулы Қарабақ: Армения мен Әзірбайжан бір-бірін әлі айыптап отыр

28.10.2020

Таулы Қарабақтағы қақтығыстар екінші айға ұласты. Кеше Барда қаласында шабуылдардан 21 бейбіт тұрғын қаза тауып, 60-тан астамы жараланды. Бұл турасында Әзірбайжан төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Алайда Армения бұл мәлімдемені жоққа шығарып отыр. 

Қарабақ армиясы болса, Бакуды бүгін Шуши қаласын, кеше түнде Мартуни және Аскеран қалаларын әуеден атқылады деп айыптауда. Айта кетсек, дүйсенбіде Армения мен Әзірбайжан өңірдегі соғысты тоқтату туралы үшінші рет бітім жасасты. Алайда сол ымыраның күші небәрі 4 минутқа созылған. Қос тарап келісім талаптарын сақтамады деп бір-бірін тағы айыптап отыр.


Таулы Қарабақ Армения Бакуд Әзірбайжан

Хабарламаларға жазылу