Таулы Қарабақта қақтығыстар жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таулы Қарабақта қақтығыстар жалғасып жатыр

03.11.2020

Таулы Қарабақтағы қақтығыстар жалғасуда. Әзірбайжан қорғаныс күштерінің хабарлауынша, Армения Агдам, Агдере және Ходжавенд елді мекендерін шабуылдауға көшкен. Сонымен қатар, Баку Ханканди ауданында жаудың екі әскери қоймасын жойғанын мәлімдеді. 

Армения болса өз территориясының Әзірбайжан тарапынан атқылауға ұшырағанын айтуда. Алайда Баку мұны жоққа шығарып отыр. Соңғы күндері қос тарап ақ фосфордан жасалған химиялық улы снарядтарды қолданды деп бір-бірін айыптап отыр.


Таулы Қарабақ Әзірбайжан Армения соғыс

Хабарламаларға жазылу