Армян Қарулы күштері Таулы Қарабақта жарияланған ымыраны 121 рет бұзды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Армян Қарулы күштері Таулы Қарабақта жарияланған ымыраны 121 рет бұзды

19.04.2016
Армян Қарулы күштері Таулы Қарабақта жарияланған  ымыраны 121 рет бұзды
Армян Қарулы күштері Таулы Қарабақта жарияланған ымыраны өткен тәулікте 121 рет бұзған. Мұны бүгін Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

Ал, Армения Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Әзірбайжан жағы бір күнде атысты тоқтату туралы келісімді 80 мәрте бұзыпты.

Екі жақ арасындағы қарулы қақтығыс сәуірдің 2-не қараған түні күшейіп, ондаған адам қаза тапты. Арада үш күн өткенде Ереван мен Баку бітімге келді. Бірақ, содан бері тараптар оқ атты деп бір-бірін жиі айыптап келеді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу