Басты Жаңалықтар Таулы Қарабақтағы қақтығыстар әлі жалғасып жатыр

Таулы Қарабақтағы қақтығыстар әлі жалғасып жатыр

Бүгін Армения мен Әзірбайжан Таулы Қарабақта қарулы жанжалдың қайта басталғанын жариялады. Осылайша атысты тоқтату туралы режим сақталмай, соғыс 19-шы күнге ұласып отыр. 

Әскери қақтығыс басталғалы Әзірбайжан тарапынан 43 бейбіт тұрғын қаза тауып, 200-ден астамы жараланды. Ал ұлттық армияның қанша адам жоғалтқаны әзірге белгісіз. Таулы Қарабақ күштері жүздеген сарбазынан айырылған.  

Қазанның 14-де Баку Армения Республикасы территориясына алғаш рет соққы бергенін жариялады. Кейбір бақылаушылардың ойынша, бұл мәлімдеме – соғыстың жаңа фазаға көшкенін білдіруі мүмкін. 

Ұрыс барысында тараптар артиллерия мен танкілерді және зеңбіректерді қолданып жатыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Әзербайжанда бір мектеп шабуылға ұшыраған. 

Халықаралық заң бойынша, Таулы Қарабақ - Әзірбайжанның жері. Алайда, даулы аймақ 1991-1994 жылдардағы соғыс кезінде этникалық армяндардың қолына өткен еді.

Марианна, Таулы Қарабақ тұрғыны:
Біз балаларымыз бен немерелеріміз бейбітшілікте өмір сүрсе екен дейміз. Қазіргідей емес, тыныш заман керек. Бұл – үшінші соғыс. Қорқынышты. Оны соғыс емес, терроризм дегім келеді. Жанжал бітсін деп тілеймін.

Арыстан Рысбек

Бөлісу