Түркияда 112 медицина қызметкері вирустан қайтыс болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда 112 медицина қызметкері вирустан қайтыс болған

14.10.2020

Түркияда алғаш коронавирус тіркелген наурыз айынан бері 112 медицина қызметкері осы вирустан қайтыс болған. Бұл мәлімет Түркия Медицина қауымдастығы жасаған арнайы баяндамада көрсетілген. Көз жұмғандардың 48-і дәрігер, қалғандары жалпы медицина қызметкері. Ал вирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің жалпы саны 30 мыңға жуық дейді қауымдастық өкілдері. Жалпы елде вирус жұқтырғандар саны 330 мыңнан асқан. Олардың 296 мыңы жазылып шығып, тоғыз мыңға жуығы қайтыс болған. Күн сайын 1600-дей адамға коронавирус диагнозы қойылады. 

Фахреттин Қожа, Түркияның денсаулық сақтау министрі:
-Елімізде вирус жұқтырғандар саны тағы да артып отыр. Дегенмен бұл барлық облыстарымызға қатысты емес. Негізінен ірі қалаларда вирус тез жайылып жатыр. Әсіресе жасы ұлғайған азаматтарымыздың арасында вирус тез тарауда. Сондықтан да осы дерттен қайтыс болғандар саны да өкінішке қарай өсіп барады. Баршаңызды гигиеналық тазалық пен арақашықтықты сақтауға шақырамын. 

Айдос Әшімұлы

Түркия медицина қызметкері вирус

Хабарламаларға жазылу