Түркияда екі адам коронавирустан жазылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда екі адам коронавирустан жазылды

26.03.2020

Түркияда коронавируспен күрес басталғалы алғаш рет екі адам вирустан жазылып, ауруханадан үйлеріне жіберілді. Екеуінің де жасы 60-тан асқан. Бұл ақпаратты елдің Денсаулық сақтау министрлігі таратты. Тағы 26 адамның жағдайы жақсарған. Жақын күндері олар да ауруханадан шығады.

Жалпы Түркияда коронавирусты 2433 адам жұқтырған. Бүгінге дейін 59 адам қайтыс болды. Ел Президенті Режеп Тайып Ердоған осы қиын шақта халықты бірлікте болуға шақырып, бейне үндеу жолдады. 

Хабарламаларға жазылу