Балқаштағы жол апаты: Тағы бір дәрігер қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқаштағы жол апаты: Тағы бір дәрігер қайтыс болды

23.09.2022

Қарағанды облысының Сарышаған елді мекені маңында болған жол апатынан зардап шеккен дәрігерлердің тағы біреуі Балқаш ауруханасында қайтыс болды. Айдана Имашеваның өмірін арашалап қалу үшін дәрігерлер барын салды. Марқұм медицина саласында мейірбике болып ұзақ жылдар еңбек еткен.

Еске салсақ, 19 қыркүйек күні Алматы-Екатеринбург тас жолында медицина қызметкерлері мінген автобус жүк көлігімен соқтығысып, 4 адам қайтыс болған еді. Оның екеуі – дәрігер. Тағы 8 медицина қызметкері түрлі дене жарақатын алды.


Хабарламаларға жазылу