ДДСҰ: Коронавирустан 180 мыңдай медқызметкер қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ: Коронавирустан 180 мыңдай медқызметкер қайтыс болды

22.10.2021

Әлемде коронавирустан 180 мыңға тарта медицина қызметкері қайтыс болған. Мұны Женевада өткен баспасөз маслихатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас хатшысы Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді.

Оның сөзінше, әлем бойынша медицина саласында 135 миллиондай адам жұмыс істейді. Ал 2020 жылдың қаңтарынан биылғы жылдың мамырына дейінгі аралықта ковидтен қаза тапқан медиктер туралы деректер 120 елден жиналған.

Арыстан Рысбек


ДДСҰ Коронавирус

Хабарламаларға жазылу