Оңтүстік Кореяда екі отандасымыз қаза тапты
Олар құрылыста жұмыс істеген. Техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы салдарынан ауыр жарақат алған. Содан оңала алмай опат болыпты. Бұл туралы біздің дипломаттарға сол елдің жергілікті полицейлері мәлімдеген. Сондай-ақ қазақстандықтардың сырт жақта заңсыз жүргені анықталды. Оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Ал марқұмдардың мүрдесін қайтаруды жұмыс беруші тарап өз қаражатынан атқаруы тиіс.
Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:-Марқұмдардың туыстарымен байланыс орнатылды. Жақын арада денелерін Қазақстанға жеткізу үшін барлық құжаттар рәсімделіп, біздің консулдық бөлім тиісті шараларды қабылдап жатыр.
Жалпы бүгінде Оңтүстік Кореяда 25 мыңдай отандасымыз бар. Соның 10 мыңға жуығы заңсыз жүр. Пандемияның салдарынан екі ел арасындағы байланыс бәсеңсіген. Қазір аптасына бір рейс қатынап тұр.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлы дала әндері Сербияда шырқалды
14.10.2025, 13:23

БҚО-да «Жайық жастары» бағдарламасымен үй алуға өтініш қабылдау басталады
14.10.2025, 13:19
Биыл 33 мыңдай жас маман еңбекпен қамтылады
14.10.2025, 13:16
Жыл басынан бері 600 мыңнан аса адам жұмысқа кірді
14.10.2025, 13:14
Көкшетауда мүгедектер арбасын құрастыратын болды
14.10.2025, 13:12
Өзбекстанда сиам егіздерін ажырату операциясы сәтті жасалды
14.10.2025, 13:10
ДСҰ әлем елдеріне жөтелге қарсы сироптың қауіптілігін ескертті
14.10.2025, 13:08
В.Зеленський жұма күні Д.Трамппен кездеседі
14.10.2025, 13:06