Әзірбайжан мен Армения арасында қарулы қақтығыстар жалғасып, үшінші күнге ұласты. Бүгін тараптар ауыр артиллерияны да қолдана бастады.
Әзірбайжан қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Армения Таулы Қарабақта жоғалтқан территорияларын қайтаруға әрекет жасап жатыр. Ереван бұл мәліметті жоққа шығарса да, әскери жанжалдың түні бойы тоқтамағанын хабарлады.
Өткен тәуліктің өзінде Таулы Қарабақ күштері 58 жауынгерінен айрылған. Алайда, Армения мен Әзірбайжан әскері қанша сарбаз жоғалтқаны әзірге белгісіз. Кейбір мәліметтерге қарағанда, екі жақтан жүздеген бейбіт тұрғын жараланып, бірнешеуі қаза тапты.
Әзірбайжан аумағында орналасса да, этникалық армяндар бақаратын Таулы Қарабақтың тәуелсіздігін ешқандай ел мойындаған жоқ. Және де ол халықаралық заңдар бойынша Әзірбайжан территориясы болып есептеледі.
Арыстан Рысбек