Таулы Қарабақтағы қақтығыстар жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таулы Қарабақтағы қақтығыстар жалғасып жатыр

20.10.2020

Таулы Қарабақта қарулы қақтығыстар жалғасуда. Әскери шайқастар өңірдің солтүстігі мен оңтүстігінде жүріп жатыр. Қарабақтың ресми өкілдерінің хабарлауынша, әсіресе оңтүстік шептегі ұрыс қарқыны күшейіп, тараптар бір-біріне ауыр артиллериямен соққы беруде. Әзірбайжан билігінің хабарлауынша, бүгін Тертер ауданында екі бейбіт тұрғын қаза тапты. Сонымен қатар, ресми Баку Зангелан қаласы мен 19 елді мекенді өз қарамағына қайтарғанын жариялады. Алайда Армения Қорғаныс күштері аталған қалада Әзірбайжан армиясы көп адам шығынымен кері шегінуге мәжбүр деп мәлімдеді.

Жансая Қапасқызы


Таулы Қарабақ

Хабарламаларға жазылу