Ливияда қарулы қақтығыстар жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливияда қарулы қақтығыстар жалғасып жатыр

29.04.2019

Ливия астанасы Триполидің оңтүстігінде халықаралық қауымдастық мойындаған үкімет күштері мен коммандир Халифа Хафтар әскері арасында соғыс жалғасып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, билікке бағынышты армия мен оның одақтастары басымдық байқатып отыр. Олар Хафтардың  жақтастарын босап қалған ғимараттар мен көшелерден ығыстырып жатқанын хабарлады.

Елдің шығысын басып алған Хафтардың Ұлттық Армиясы Триполиді алу операциясын үш апта бұрын бастады. Бірақ олар қаланың түскейін әлі бағындырған жоқ. Екі жақ арасындағы қарулы қақтығыстардан жүздеген адам қаза тауып, мыңдаған бейбіт тұрғын үйлерін тастап кетті.

Батыс елдері бұл солтүстікафрикалық мемлекетте Муаммар Каддафи режимін 2011 жылы құлатты. Содан бері Ливияда бей-берекетсіздік тоқтамай, қос үкімет орнап, қазір билікті діни-радикалдық топтар басып ала ма деген қауіп туындап отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу