Баку мен Ереван Мәскеуде өтетін келіссөздерге қатысатындарын растады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баку мен Ереван Мәскеуде өтетін келіссөздерге қатысатындарын растады

09.10.2020

Баку мен Ереван Мәскеуде өтетін келіссөздерге қатысатындарын растады. Қазір диалогқа дайындық жүріп жатыр. Мұны Ресейдің сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

Соңғы мәліметке қарағанда, Таулы Қарабақтағы этникалық армян күштері мен Әзірбайжан армиясы арасындағы қақтығыс бүгін де жалғасып жатыр. Қарабақ әскері соңғы тәуліктің өзінде 26 жауынгерінен айрылып, мұнда соғыс құрбандарының жалпы саны 380-ге жақындады. Алайда Әзірбайжанның қанша сарбаз жоғалтқаны әзірге белгісіз. 

Айта кететін тағы бір жайт, өткен тәулікте Әзірбайжан қарулы күштері Физули ауданында бір ауылды қайтарды. Таулы Қарабақ үшін жанжал қыркүйектің 27-де қайта басталды. Содан бері соғыстан ондаған бейбіт тұрғын қаза тауып, жүздеген жараланды.

Арыстан Рысбек

Таулы Қарабақ келіссөздер Әзірбайжан Армения

Хабарламаларға жазылу