Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан 11 айлық сәби көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан 11 айлық сәби көз жұмды

25.09.2020

Шымкентте жеңіл автокөлік жол бойындағы экскаваторға соқтығысып, салдарынан жасқа толмаған сәби жан тапсырды. Соққының жойқын болғаны соншалық - шетелдік көліктің ішінде отырған үш ересек адам ауыр жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Шұғыл медициналық көмек көрсетілгенімен, олардың біреуі ауруханада көз жұмды. Жол бойындағы бейнекамераға түсіп қалған кадрдан экскаватордың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтамастан солға қарай кілт бұрылғанын байқауға болады. Тап осы сәтте арнайы техниканы басып озбақ болған жеңіл автокөлік қатты жылдамдықпен соғылған. Оқиға куәгерлері ауыр соққы алған адамдарды машина ішінен әрең шығарып алған. Дәрігерлер қазір аман қалған екі азаматтың өмірі үшін күресуде. 

Сондай-ақ кешегі күні Түркістан облысындағы жантүршігерлік жол апатынан ауруханаға түскен 2 азаматтың жағдайы әлі де ауыр. Жансақтау бөлімінде. Бас, ми жарақатын алған. Қабырға, аяқ, жақ сүйектері сынған, бауыры жыртылған. Ордабасы аудандық орталық ауруханасына санитарлық авиация арқылы облыс орталығынан трамватолог, хирург мамандары шақыртылды.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу