Алматы, Түркістан, Ақтөбе облыстарында жантүршігерлік жол апаттары болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы, Түркістан, Ақтөбе облыстарында жантүршігерлік жол апаттары болды

20.06.2021

Соңғы тәулікте Алматы, Түркістан, Ақтөбе облыстарында жантүршігерлік жол апаттары болды. Алматы - Көкпек - Көктал тасжолында екі жеңіл көлік соқтығысып, 7 көз жұмған. Арасында 16,13,8 жастағы балалар мен 4 айлық сәби бар. Ал Түркістан облысындағы Созақ ауданында болған жол апатында да 7 адам опат болған. Екі көлік жүргізушісі, 5 жолаушы. Бір адам жансақтау бөліміне түскен. Ақтөбе-Ойыл тасжолында болған апаттан екі мектеп директоры қаза тапты. Оның бірі көлік тізгіндеген. Тағы екі мектеп директоры Ойылдағы аудандық ауруханаға жеткізілген. Айта кететіні, олар мінген көлік аударылып кеткен, басқа машинамен соғыстығыспаған.    

Хабарламаларға жазылу