Алматыда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды

23.01.2023

Алматыдағы әл-Фараби даңғылы бойында жантүршігерлік көлік апатынан үш адам қаза тапты. Олар отырған жеңіл көлік шығысқа қарай бет алған.

Жүргізуші рөлге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кетіп, бірнеше көлікпен соқтығысқан. Салондағы 3 жігіт оқиға орнында көз жұмды. Таңға қарай дәл осы жолда тағы бір жол көлік оқиғасы тіркелді. Дулати көшесімен келіп бұрылған шетелдік көлік жол ортасындағы темір қоршауға соғылып, жүргізуші сол жерде жан тапсырған. Қазір оқиға орынында полицейлер мен криминалистер жұмыс істеп жатыр.


Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу