Шымкентте автобус жол жиегіндегі бағанаға әдейі барып соққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте автобус жол жиегіндегі бағанаға әдейі барып соққан

14.06.2023

Шымкентте бағыттағы автобус әдейі жол жиегіндегі бағанаға барып соғысқан. Абырой болғанда, көлік ішіндегі жолаушылар дін аман. Жарақат алған ешкім жоқ. Жүргізушінің айтуынша, сол сәтте тежегіш істемей қалған. Ол жанындағы көліктерге соғылмас үшін әдейі бағанаға бағыттаған.

Еске салайық, тап осы Сейдолла Бәйтереков көшесінде екі ай бұрын да жантүршігерлік жол апаты болған еді. Ішінде көлік жүргізушісі жоқ автобус өздігінен жүріп кетіп, 6 адамды қағып өткен. Оның бесеуі көз жұмды.


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу