Семейде сәулет ескерткіші құлағалы тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде сәулет ескерткіші құлағалы тұр

17.09.2020

Семейде мемлекеттің қорғауына алынған сәулет ескерткіші құлағалы тұр. 1873 жылы салынған нысанда бастапқыда қыздар гимназиясы, соғыс жылдары госпиталь, кейіннен жоғары оқу орны орналасқан. 34 жыл бұрын ғимарат өртенген. Содан бері қалқиып қабырғалары ғана қалған еді. Мемлекеттің қорғауында деген мәртебеге ие сәулет туындысы жекеменшіктің қолында. Нысан иесі сараптамалық тексеру жасатып, оның апатты жағдайда екендігі анықталған. Ерекше қорғаудағы сәулет ескерткішінің ендігі тағдыры белгісіз. 

Сергей Покатилов, ЖШС техникалық директоры:  

- Ғимараттың алдағы уақыттағы жағдайын ақылдаса отырып шешу қажет. Қазір ондағы қауіпті мүмкіндігінше жою міндеті тұр. Себебі нысанның қабырғасы сыртқа қарай қисайды. Сондықтан артқы жақ іргесіне құм үйілді. Ғимаратпен ештеңе жанасып тұрған жоқ.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу