Гүлшара Әбдіқалықова журналистермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлшара Әбдіқалықова журналистермен кездесті

27.08.2020

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Жиында журналистер қауымын ғана емес, тұтас өңір тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелер талқыланды. 

Өңірде 101 ақпарат құралы тіркелген. 2,5 мыңнан астам қызметкер бар. Індет өршіген тұста қалам ұстаған қауым қатерге қарамастан халыққа шынайы әрі жедел ақпарат жеткізді.

Гүлшара Әбдіқалықова, Қызылорда облысының әкімі: 

- Пандемия кезінде журналистика ең маңызды сала болып тұр. Ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын Үкімет» тұжырымдамасын орындауда да осы БАҚ-тың үлесі үлкен.

Кездесуде журналистер өзекті мәселелерді ортаға салды. 

Дәурен Омаров, «Сыр медиа» ЖШС директорының орынбасары: 

-Журналистер тек БАҚ мәселесін ғана емес, барлық салаға қатысты өзекті мәселелерді көтерді. «Ол жақсы, бұл жақсы» демей, халық көкейіндегі сауалдарды жолдап, соған жауап алды.

Карантин жеңілдегеннен кейін журналистермен алғаш рет кездескен облыс әкіміне сауал да, ұсыныс та көп болды. Өз кезегінде аймақ басшысы өңірдегі оң өзгерістер мен алдағы жоспарлар туралы баяндап, алдағы мақсатарды жүзеге асыру үшін ашықтық пен жариялылыққа дайын екенін жеткізді. 

Айнұр Тұңғышбай

Хабарламаларға жазылу