Гүлшара Әбдіқалықова: БАӘ - Қазақстанның мұсылман әлеміндегі маңызды әріптесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлшара Әбдіқалықова: БАӘ - Қазақстанның мұсылман әлеміндегі маңызды әріптесі

30.05.2016
Гүлшара Әбдіқалықова: БАӘ - Қазақстанның мұсылман әлеміндегі маңызды әріптесі
Бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Біріккен Араб Әмірліктері Федералдық ұлттық кеңесінің төрайымы Әмәл-әл-Кубейсимен кездесті.

Тараптар екі елдің сан салада жүзеге асып жатқан жобаларын ортаға салды. Әсіресе, елордада салынып жатқан «Абу-Даби Плаза» кешені, «Al-Hilal» ислам банкі және «Фалах» бірлескен инвестициялық қоры әңгіме өзегі болды.

«БАӘ - Қазақстанның мұсылман әлеміндегі маңызды әріптесі», деген Гүлшара Әбдіқалықова қос ел басшылары негізін қалап берген достық қарым-қатынас пен берік байланыстардың болашақта да беки түсетініне сенім білдірді.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу