Гүлшара Әбдіқалықова Италия Елшісімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлшара Әбдіқалықова Италия Елшісімен кездесті

12.02.2015
Гүлшара Әбдіқалықова Италия Елшісімен кездесті

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстандағы Италия Елшісі Стефано Раваньянды жаңа қызметімен құттықтады. 

Елшінің дипломатиялық жұмысына табыс тілеп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты cөз етті.

Сондай-ақ, кездесуде италиялық компаниялардың индустрияландырудың екінші бесжылдығына, «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларына қатысуы талқыланды. 

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова 2015 жылы Миланда өтетін EXPO көрмесіне қатысуға ниетті екенін жеткізді.

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу