Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Наталья Заруднаямен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Наталья Заруднаямен кездесті

22.02.2015
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Наталья Заруднаямен кездесті

Осы аптада Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бағдарламалары офисінің жетекшісі Наталья Заруднаямен кездесті.

Бізге мәлім болғаны - еліміз осы офиспен бірлесіп, әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық бағытта ауқымды жобаларды жүзеге асырады. Тараптар адам құқығы, гендерлік теңдік пен этносаралық қатынас төңірегінде әңгіме өрбіткен.

Мемлекеттік хатшы сол сияқты осы аптада Алматыға да барды. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында болып, 500 мыңнан астам құнды құжаттар сақталған қолжазбалар қорымен танысты. «Бабалар сөзі» 100 томдығы осы қор материалдарының негізінде әзірленген.

Гүлшара Әбдіқалықова Халықаралық түркі академиясының қызметін де көрді. Елбасының түркі елдерінің, Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің интеграция мәселесіне үлкен көңіл бөліп отырғанын айтты.

«Осы интеграциялану, әсіресе, мәдениет, тарих мәселелері бойынша түркі академиясының атқарар істері көп. Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты көптеген зерттеулер болады, тарихты шынайы көрсету керек», деді Мемлекеттік хатшы.

Оңтүстік Қазақстан облысына да барды, Мемлекеттік хатшы. Сапар аясында білім, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарын аралап, этномәдени бірлестіктердің және өңірдегі әйелдер қауымы өкілдерімен кездесті. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болып, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған экспозицияларды аралап көрді.

Хабарламаларға жазылу