Гүлшара Әбдіқалықова Түрікменстан Елшісімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлшара Әбдіқалықова Түрікменстан Елшісімен кездесті

14.06.2018

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ынтымақтастық стратегиялық серіктестікке айналды. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Тойлы Көмековпен кездесуінде осылай деп мәлімдеді. Гүлшара Әбдіқалықова екі ел арасындағы қарым-қатынас жыл сайын нығая түсіп, әртүрлі бағыттарда дамып келетінін атап өтті.  Қос мемлекет - Орталық Азиядағы тек тату көрші мен сенімді серіктес қана емес, бауырлас елдер. Сондықтан, ортақ мәдениетіміз бен шынайы достығымыз да байланысты бекемдей түсуде. Қазіргі екі ел арасындағы тауар айналымы 100 млн. долларға жақындап қалды. Қазақстан мен Түрікменстан көмірсутек ресурстарына бай. Оны игеру мен тасымалдау мәселесі өңірлік державаларды ғана емес, төрткүл дүниені де қызықтырады. «Сондықтан, бұл бағыттағы әріптестік қос елдің әлеуетін арттыра түседі», - дейді Мемлекеттік хатшы.

 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу