Ақтөбе халықаралық әуежайы сынның астында қалды. Өйткені тұрғындардың ел ішінде арзан билетпен ұшамыз деген үміттері ақталмады. Былтыр тамыз айында «FlyArystan» компаниясымен арада келісім жасалған. Оған сәйкес аталған әуе компаниясы бірнеше бағытта және арзан бағаға жолаушылар тасымалдауы тиіс еді. Алайда келісімшарт талаптары толық орындалмай, шаруа шала-шарпы жарты жолда қалған. Бүгін әуежай басшылығы тілшілерге талапқа сай жұмыс істеп жатқандарын айтып ақталды.
Ақтөбе әуежайына карантин кезінде санитарлық талаптарды бұзғаны үшін де айыппұл салынды. Тексеріс барысында ғимаратқа келген жолаушылар арасындағы қашықтық талаптары сақталмаған. Нәтижесінде әуежайдың басшылығына емес, тасымалдау бөлімінің қызметкері жаза арқалап, оған 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Жақсыбек Кемал