Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып келеді. Өлшеніп берген өмір бар, уақытыңменен жүрерсің дегендей, сол өлшенген уақытта адамдық болмысыңнан айнымай, ұлтың мен жұртыңа қалтқысыз қызмет қылу үшін тамырыңда қазақтың қаны қайнауы тиіс. Бұл түсініктерді соңғы кезде түсіндіру қиындап кетті, өйткені ұлттық дегенді пафосқа айналдырып ұрандағандар жұрттың қазақылыққа деген махаббатын қара басының қамына қолданғысы келеді. Сондықтан бүгін біз қазақтың болмысын сөзсіз сазбен жеткізетін құдыретті қара домбыра туралы айтамыз. Бүгінгі тақырып тосыннан келген жоқ. 2018 жылдан бастап шілденің алғашқы жексенбісі Қазақстанда «Ұлттық домбыра күні». Мереке той тойлау үшін емес, ой ойлау үшін енгізілді. Өйткені өзінің төл аспабын өгейсінетін бу ұрған бүгін буынның саны артып барады.
Азамат Бейбітұлы