Елімізде нарықтағы аудит туралы заңға өзгерістер енгізілмек
Елімізде нарықтағы аудит туралы заңға өзгерістер енгізілмек. Алдағы уақытта бизнесті бақылау үшін аудиторлардан бөлек тәуелсіз құзіретті орган құру жоспарлануда.
Бұл кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, - дейді мамандар. Яғни, сырттан бақылап, қадағалаушы орган болғандықтан бизнес саласында ашықтық пайда болады. Осы мақсатта жыл басынан бері бизнесті реттеу үшін құжаттамалардың саны 30 пайызға азайтылған.
1000-нан астам заңнамаларға өзгертулер енгізіліп, шағын және орта бизнестің шығындары да төмендетілген. Салық кодексі мен кеденді декларациялау толықтай электронды форматқа ауыстырылған. Ендігі мәселе – қаржылық есептілік стандарттарын халықаралық талаптарға сай уақытылы өзгертіп отыру,-дейді мамандар.
Арман Бектурова, Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің басшысы:
Қаржылық есептілік стандарттары бұл халықаралық бизнестің тілі. Олар жыл сайын өзгеріп тұрады. Сол себепті стандарт өзгерген сайын біз де өзіміздің нормативтік-құқықтық базамызды өзгертіп тұрамыз. Себебі егерде бухгалтерлік есеп дұрыс жүргізілмесе, салық органдарымен, өзге де құзырлы органдармен көптеген қиыншылықтар туады.
Аманкелді СЕЙТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
