Семей медицина университеті COVID-19 пандемиясына қарсы күресетін жасанды интеллект жасауға қатысады
Халықарылық ғылыми жобаны іске асыру үшін оқу орынының басшылығы американның XLabs компаниясымен келісім шарт жасады. Шетелдік компания жылдар бойы медицинада жасанды интеллект қолдануды дамытып, қазірдің өзінде 30-дан астам онкологиялық және басқа дерт түрлерін анықтауға қол жеткізген. Семейлік университетпен бірлескен жоба екі кезеңнен тұрады. Біріншісі, коронавирустың таралуының алдын алу. Екінші кезеңде, вирусты емдеудің тиімді жолдары мен вакцина шығаруда жасанды интеллект қолданылады. Бұл ғылыми жұмыс үшін Семей медицина университінің таңдалуы бекер емес. Өйткені ондағы ғалымдар қазірдің өзінде қауіпті індетпен күресудің бірнеше әдістерін дайындап, оң нәтижеге қол жеткізген.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауғанстанда зілзаладан кейін мыңдаған адам далада түнеуге мәжбүр
12.09.2025, 19:57

Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
12.09.2025, 19:57
«Respublica» партиясы: Президент Жолдауы бизнестің жол картасына айналуда
12.09.2025, 19:53
Каспий теңізінің тартылуы балықшылардың кәсібіне қиындық келтіруде
12.09.2025, 19:53
Шымкентте жүрек ауруларын зерттейтін жаңа орталық ашылды
12.09.2025, 19:49
Непалда уақытша премьер-министр тағайындалмақ
12.09.2025, 19:49
Редакция алқасы Қазақстан тарихының ІІ томын басып шығаруға әзірлеу үшін бекітті
12.09.2025, 19:48
Шетелдік сарапшылар: Реформалар өз нәтижесін беруі тиіс
12.09.2025, 19:47