Блок бекеттер автоматтандырылған жүйеге көшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Блок бекеттер автоматтандырылған жүйеге көшеді

13.04.2020

Сәуірдің 15-інен бастап блок бекеттерден көліктерді өткізу тәртібі автоматтандырылған жүйеге көшеді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Яғни жүргізушілерге посттан өту үшін рұқсат қағаздарын көрсетудің қажеті болмайды. Полицейлер тиісті мәліметтерді бірыңғай базадан алады. Қазір ақпараттық сараптамалық жүйеде бекеттен өтуге рұқсаты бар көліктердің тізімі жасалып жатыр. Бұл полицейлердің жұмысын жеңілдетеді. Сондай-ақ қауіпсіздікті арттыру үшін де маңызды. Өйткені бұған дейін жалған рұқсат қағаз арқылы бекеттен өтпек болғандар ұсталған еді. Бекеттерден өтуге рұқсаты бар топтың қатарында азық-түлік тасымалдаушылар, құзырлы орган қызметкерлері мен емделу үшін өзге қалаға баруға мәжбүр болған азаматтар бар.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу