Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізді
Ұлттық банк валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін валюталық интервенция жүргізді. Алайда интервенцияның қанша сомаға жасалғаны әзірге белгісіз. Ұлттық банк нақты ақпараттың тек апта соңында жарияланатынын хабарлады. Осы ретте Қазақстан қор биржасы валюта саудасында алғаш рет франкфурт аукционы әдісін қолданды. "Бұл әдіс негізсіз құбылмалылықтың алдын алу үшін Ұлттық банкпен бірлесіп әзірленді", -дейді биржадағылар. Бүгін КАСЕ-дегі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясы бойынща теңгенің долларға шаққандағы бағамы 393 теңге 50 тиын боп тұрақталды. Ал сауда-саттықтың жалпы көлемі - 319,5 млн долларға жетті. Мамандар шетел валютасы бағамынан секемденіп, байбаламға салынудың қажеті жоқ екенін ескертіп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлы дала әндері Сербияда шырқалды
14.10.2025, 13:23

БҚО-да «Жайық жастары» бағдарламасымен үй алуға өтініш қабылдау басталады
14.10.2025, 13:19
Биыл 33 мыңдай жас маман еңбекпен қамтылады
14.10.2025, 13:16
Жыл басынан бері 600 мыңнан аса адам жұмысқа кірді
14.10.2025, 13:14
Көкшетауда мүгедектер арбасын құрастыратын болды
14.10.2025, 13:12
Өзбекстанда сиам егіздерін ажырату операциясы сәтті жасалды
14.10.2025, 13:10
ДСҰ әлем елдеріне жөтелге қарсы сироптың қауіптілігін ескертті
14.10.2025, 13:08
В.Зеленський жұма күні Д.Трамппен кездеседі
14.10.2025, 13:06