Қазақстандық ингуштар мен гректер қазақтың жақсылығын ұмытпайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық ингуштар мен гректер қазақтың жақсылығын ұмытпайды

28.02.2020

«Қазақстан - әлемдегі жұмақ, ел халқының мейірімі - сарқылмас бұлақ». Еуропада тұратын байырғы қазақстандық ингуштар мен гректер осылай дейді. Кезінде солақай саясаттың кесірінен бәрі бір түнде елдерінен күштеп аластатылды. Алыс жолдан азып-тозып жеткен жұртты қазақ халқы бауырына басып, қолдан келген көмегін көрсетті. «Қазақтың сол жақсылығын ешқашан ұмытпаймыз» деген ингуш, грек ұлтының өкілдері мереке қарсаңында қазақ еліне, халқына алғыстарын білдірді.

Дүрбелең кезеңде бір үзім нанын бөліскен қазақ халқының қонақжайлығын Афинадағы байырғы қазақстандық гректер де ұмытар емес. Жергілікті жұрт «қазақтар» деп атап кеткен жерлестеріміз бүгінде Афинада «Астана» дүкенін, қазақ мейрамханасын ашып, Қазақстанды көпшілікке танытуға күш салып жүр.

 «Аштықта жеген құйқаның дәмі аузыңнан кетпейді»-деген гректер мен ингуштар қиын-қыстау заманда қазақтан көрген жақсылығын айтудан жалықпайды. Қазақ халқының рухани қаһармандығына құрмет ретінде Афинадағы байырғы қазақстандық гректер «Рахмет, Қазақстан!» әнін шығарыпты.

Нұрсұлу ҚАСЫМ


Хабарламаларға жазылу