Елімізде «Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі орталық» құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде «Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі орталық» құрылды

19.09.2017

Отандық экспорттаушылар үшін тың жаңалық. Елімізде «Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі орталық» құрылды. Орталықтан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдердің техникалық регламенттері мен стандарттары туралы ақпарат алуға болады. Бұл жөнінде Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының бас директоры Қайрат Кәрібжанов мәлімдеді. Осы салаға қатысты ақпараттармен бөліскен маман елімізде 31 мыңнан астам түрлі стандарттар бар екенін айтты. Оларды жетілдіріп, халықаралық тәжірибеге сай ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыс та баршылық. Жаңа жүйеден бөлек, жыл сайын 3 мыңға жуық маман оқытылады. Кез келген салаға серпін беретін стандарттау жүйесі сенімді, қауіпсіз болуы тиіс. Сондықтан, «Стандарттау туралы» заң қабылдап, бұл мәселемен тығыз айналысатын кәсіби алаң құру көзделіп отыр.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу