«Павлодарэнергосбыт» ЖШС 8 млн теңге айыппұл төледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар «Павлодарэнергосбыт» ЖШС 8 млн теңге айыппұл төледі

«Павлодарэнергосбыт» ЖШС 8 млн теңге айыппұл төледі

Тұрғын үйлерді жылусыз қалдырған «Павлодарэнергосбыт» кәсіпорны жауапкершілікке тартылды. Монополист мекеме қыстың аязды күндері Павлодар және Екібастұз қалаларындағы үйлерге мардымды жылу бермеген. Тексеру жүргізген бақылаушы органдар 20-дан аса мекенжайда жылудың болар-болмас қана беріліп тұрғанын анықтады.

Осыдан кейін әкімшілік іс қозғалды. Серіктестік кінәсін бірден мойындаған. Мемлекетке 8 млн теңге айыппұл төледі. Сондай-ақ жылу үшін артық алынған қаржыны тұтынушыларға қайтарып берді.

Болат Аманбаев 

Бөлісу