Басты Жаңалықтар Елоарданы қардан тазартып үлгермей жатыр

Елоарданы қардан тазартып үлгермей жатыр

Коммуналдық қызмет елорда көшелерін қардан тазартып үлгермей жатыр. Үй аулаларын былай қойғанда, көлік көп жүретін жолдардың бойында қар үйіліп тұр.

Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланғандықтан, жергілікті билік ұйым-мекемелерді қар тазалау жұмыстарына жұмылдырған. Дегенмен, 1 тәулік өтсе де, қала жолдары мен үй аулалары тазартылмай жатыр.

Жыл басынан бері Елордадан 2 жарым миллион тоннаға жуық қар шығарылған. Күн сайын көше тазалауға 1500 адам мен 1300-ге жуық арнайы техника шығады.

Елордада қазір 4 полигон жұмыс істеп тұр. Қаладағы қардың көптігі соншалық сырттағы полигондарға да сыймай жатыр.

Дегенмен мынадай ұйытқып соққан боранды көрген кезде Нұр-Сұлтан қаласының іші жуық арада қардан толық тазартылады дегенге тағы да күмән келтіріп қалдық.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Бөлісу