28 қаңтарға арналған ауа райы болжамы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

28 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

28.01.2020
28 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігі циклон жырасының әсерінде болғандықтан құбылмалы ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде көбінесе қар түрінде жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте желдің екпіні 30 м/с болады. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа күшейеді, оңтүстік-батыста 30 м/с болады. 

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа күшейеді. 

Түркістан, Кызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с-қа күшейеді, Түркістан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. 

Ақмола, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с-қа күшейеді, Қостанай, Солтүтік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. 

Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Хабарламаларға жазылу