«Жезқазған-Нұр-Сұлтан» бағытындағы жолаушылар пойызының 4 вагоны рельстен шығып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жезқазған-Нұр-Сұлтан» бағытындағы жолаушылар пойызының 4 вагоны рельстен шығып кетті

24.01.2020

Қарағанды облысында жолаушылар пойызының төрт вагоны рельстен шығып кетті. Төтенше жағдай кеше сағат 21:45 те Қарабас станциясы аумағының Қарағанды - Жолаушылар - Жарық бөлігінде болған. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Ал темір жолдан шығып кеткен отарбаның жолаушылары қосымша вагондарға жайғастырылған. Пойызда жалпы 683 адам болыпты. Оқыс оқиғаның неден болғаны туралы әзірге нақты мәлімет жоқ. Ал теміржолшылар бұған ауа-райының қолайсыздығы себеп екенін айтады.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу