Қарағанды маңында 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды маңында 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті

17.11.2022

Қарағанды облысындағы «Қарағанды-Сортировочная-Ақадыр» учаскесінде жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті. Сол себепті аталған темір жол бөлігінде жолаушылар және жүк пойыздарына қозғалыс уақытша тоқтатылды. Алдын-ала болжамдарға сәйкес, оқыс оқиға жекеменшікке тиесілі вагондардың ақауы салдарынан болған. Қазір арнайы комиссия құрылды. Оқиға орнында Қарағанды, Жаңаарақа станцияларының үш бірдей қалыпқа келтіру пойыздары жұмыс істеп жатыр.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу