Оңтүстік Қазақстан облысында пойыз рельстен шығып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында пойыз рельстен шығып кетті

06.05.2014
Оңтүстік Қазақстан облысында пойыз рельстен шығып кетті
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында «Черноводье-Бадам» теміржол тармағының 3264-ші шақырымында пойыз рельстен шығып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
 
Рельстен Шу-Арыс станциясы арасында қатынайтын №2901 жүк пойызының жүк тиелген 29 вагоны  шыққан.
 
29 вагонның 8-не күкірт қышқылы цистерналары, 17 вагонда құрылыс материалдары, 1 вагонға астық  тиелген.
 
Сондай-ақ, 2 контейнер вагоны, 1  вагон-термос болған. 150 метр теміржол рельсі және 4 байланыс  желісінің тіректері бүлінген.
 
Төтенше жағдайдың салдарын жоюға 240 адам, 22 бірлік техника, 2 қалпына келтіру және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ, деп хабарлады ҚазАқпарат.
 
Еске сала кетейік, 19 сәуір күні Атырау облысы аумағында жолаушылар пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кетті.
 
Ал, 20 сәуірде Жамбыл облысында жүк пойызы жолдан шығып, пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтаған.

Хабарламаларға жазылу