Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

01.05.2014
Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті
Жамбыл облысында жүк пойызының 13 вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
«20 сәуір күні 14 сағат 40 минутта Жамбыл бөлімшесінің жолында Луговая-Құрағатты өткелінде жүк пойызының 13 вагоны жолдан шығып кетті. Вагондар «Теміржол жөндеу» АҚ-на тиесілі. Пойыздардың қозғалысы тоқтады.  Оқиға орнына Жамбыл мен Шу станцияларында орналасқан қалпына келтіруші пойыздар жөнелтілді» , - деп жазылған хабарламада.
 
Оқиғаның мән-жай анықталуда.
 
Еске сала кетейік, кеше, 19 сәуірде Атырау облысында жолаушылар пойызының вагондары рельстен шығып кетіп, бірнеше адам жарақаттанды.
 

Хабарламаларға жазылу