Қарағанды-Ақадыр учаскесінде 19 жүк вагоны рельстен шығып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды-Ақадыр учаскесінде 19 жүк вагоны рельстен шығып кетті

28.12.2022

Бүгін таңертең Қарағанды-Ағадыр бағытындағы Қарабас станциясында жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кетті. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, апатқа бастапқы вагон дөңгелектерінің айналмай қалуы себеп болған.

Бидай тиелген пойыз тіркемелері жеке компанияға тиесілі. Оқыс оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Апат болған учаскені тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Екі жолаушылар пойызы кестеден кешіккен. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу