Қытайда таралған вирус АҚШ-қа жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда таралған вирус АҚШ-қа жетті

22.01.2020
Қытайда таралған вирус АҚШ-қа жетті

Пневмонияның жаңа түрін жұқтырғандардың саны 440-қа жетті, оның ішінде кейбір науқастардың жағдайы ауыр. Жергілікті БАҚ-тың мәлімдеуінше, 9 адам қаза тапқан. 

Жұқпалы вирус АҚШ-та да тіркелді. Вашингтонда бір науқастан аурудың белгілері анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы бірқалыпты.

Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дабыл қағып отыр. Көптеген елде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, вирустың адамнан адамға жұғатыны расталды. Мұндай ауру Оңтүстік Кореяда, Жапонияда және Тайландта да тіркелді. 

Жаңа вирус туралы не білеміз?

    • 2019-nCoV вирусы - бұған дейін адамдарға таралмаған коронавирустың жаңа түрі.

    • Зерттеушілердің пайымдауынша, вирус адамға жануарлардан жұққан. Кейін оның адамнан адамға жұғатыны расталды.

    • Аурудың белгілері: дене температурасы көтеріледі, жөтел қысып, тыныс алу қиындайды.

    • Дәрігерлер шикі ет пен жұмыртқаны пайдаланбауға кеңес береді. Сонымен қатар, тұмау жұқтырған жандармен қарым-қатынас орнатпау керектігін ескертеді.

trthaber.com Фото: ria.ru

Хабарламаларға жазылу