Коронавирус бүгінге дейін 86 726 адамда расталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус бүгінге дейін 86 726 адамда расталды

02.03.2020
Коронавирус бүгінге дейін 86 726 адамда расталды

Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 80 026-ға жетті. Оның 2912-сі осы дерттен көз жұмды. 44 462 науқас емделіп шықты.

Ал Қытайдан тыс жерде 6 700 адамнан вирус расталған.

Оның ішінде, Оңтүстік Кореяда 4212 адам вирус жұқтырған. Сол себепті де Оңтүстік Корея азаматтарына үйден шықпау туралы кеңес берілді.

Коронавирустың ірі ошақтарының бірі Иранда вирус 978 адамда расталды. Сондай-ақ, 54 адам осы пандемияның құрбаны болды. Естеріңізге сала кетейік, Иранда алғаш 19 ақпанда вирус расталған болатын. 

Бүгін Әзербайжан, Эквадор, Ирландия, Монако және Катарда коронавирус алғаш рет тіркелді. 

Хабарламаларға жазылу