Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 6-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 6-ға жетті

16.03.2020

Өзбекстанда коронавируспен науқастанғандардың саны 6-ға жетті. Жұқтырғандарың бірі елге Франциядан келіп, кейін оны ұлы мен қызынанан вирус анықталғанын бұған дейінгі хабарымызда айтқан болатынбыз. Жолаушылармен байланыста болғандар карантинге алынды. Бүгіннен бастап мұнда шет мемлекеттермен авиа, автомобиль және темір жол байланысын уақытша тоқтатты. Оқушылар каникулға мерзімінен бұрын шықты. Студенттер де сабақтан босатылып, бала-бақшалар жұмысын тоқтатты. Қазір қазақстанмен шекаралас Қырғыз Республикасы мен Түркменстанда ғана короновирус тіркелген жоқ. Өзге елдерге көз жүгітрсек, Қытайда 81 мың, Ауғанстанда 16 жағдай, Иранда 14 мыңға жуық, Арменияда 26, Әзербайжанда 23, Грузияда 33 дерек тіркелді. Украинада 3 адам, Белоруссияда 27, Ресейде 63-қа жуық Моңғолияда 1 адам КОВИД-19 вирусын жұқтырған 


Хабарламаларға жазылу