Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны артты

24.11.2022

Қытайда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны рекордтық деңгейге жетті. Бейжің мен елдің тағы бірнеше қаласында вирус өршіген. Сәрсенбіде инфекция 31 мың 500 адамнан анықталды. Шэнчжоу қаласының 6 мың тұрғыны үшін жұмадан бастап локдаун жарияланады. Ал Бейжіңнің бірнеше ауданында мектептер, дүкендер, мейрамханалар мен музейлер жабылды. Гуанчжоуда да осыған ұқсас жағдай. Биліктің ковидке қарсы қатаң шектеу шаралары тұрғындардың наразылығына тап болып отыр. 

Арай Төлегенқызы 

Хабарламаларға жазылу